Маңғыстауға марихуана жібермек болған 40 жастағы ер адам ұсталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - 23 сәуірі күні Жамбыл станциясындағы Ішкі істер желілік басқармасы Есірткі бизнесіне қарсы күрес бөлімінің қызметкерлері «Линда» лақап атты қызметтік іздестіру итінің көмегімен Жамбыл станциясындағы жүк бөліміне тексеру жүргізуі кезінде 40 жастағы азаматты ұстады, деп хабарлады Көліктегі ІІД-нің баспасөз қызметінен.

Маңғыстауға марихуана жібермек болған 40 жастағы ер адам ұсталды

Күдіктіден қара жасыл түсті, өзіне тән иісі бар өсімдік тектес заттар толтырылған екі жол сөмке мен 8 пропилен қап тәркіленді.

Сот-химиялық сараптама ұсталған азаматтан алынған заттардың жалпы салмағы 69 келі 860 гр болатын «кептірілген марихуана» есірткі заты екендігін анықтады. Тергеу барысында күдікті есірткі заттарын оған жасы 45-тегі танысы Маңғыстау облысына жіберу үшін бергендігін айтты. Қазіргі кезде ҚР ҚК 296-бабы 4-ші бөліміне сәйкес, яғни аса ірі мөлшердегі есірткі немесе психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.