Маңғыстауға жол апатында көз жұмған өзбекстандықтардың туыстары келді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Маңғыстауға Ақтау-Бейнеу жолында көлік апатынан қаза тапқандардың туыстары келді, деп хабарлайды lada.kz 

Маңғыстауға жол апатында көз жұмған өзбекстандықтардың туыстары келді

Олар ДНҚ сараптамаға қатысады. Бұл туралы Өзбекстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің өкілдері мәлім етті.

ӨР ТЖМ хабарлауынша, бүгін 2 наурызда марқұмдардың денесі елдеріне жеткізу жоспарланған.

«Марқұмдардың денелері әзірге Қазақстанда. Біздің өкілдер қазір сонда жүр. Туыстары ДНҚ сараптама жүргізу үшін шақыртылды», - деп мәлім етті Өзбекстан ТЖМ.

Еске сала кетсек, 1 наурызда Ақтау - Бейнеу автожолында, Маңғыстау ауданының Шетпе ауылы маңында жеңіл машина жүк көлікпен соқтығысқан болатын. Автомобиль өртеніп, оқиға орнында 7 адам қаза тапқан, соның алтауы Өзбекстан азаматы болған.

Жетінші жолаушының аты-жөні анықталып жатыр. Осы оқиғаға қатысты ҚР ҚК-нің 345 бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.