Маңғыстаулық бес дзюдошы республикалық жарыста жеңімпаз атанды (ФОТО)

АҚТАУ. ҚазАқпарат - Мааңғыстаулық спортшылар Орал қаласында дзюдодан өткен республикалық жарыстан оралды. Екі күндік турнир Халықаралық әйелдер күніне арналып өткізілді, оның қорытындысы 6 наурызда шығарылды.

Маңғыстаулық бес дзюдошы республикалық жарыста жеңімпаз атанды (ФОТО)

Жарысқа Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Атырау облыстарының, Шымкент, Ақтөбе, Қызылорда қалаларының 2003-2005 жылғы 200 спортшысы қатысты. Маңғыстау облысының құрамасына 17 дзюдошы кірді. Бес маңғыстаулық спортшы 2 алтын, 2 күміс және 1 қола жүлдеге ие болды.

Жеткіншектер бірінші мәрте республикалық жарысқа қатысты. Алтын медальді Жасұлан Асаров ( «Жастар» спорт мектебі, 55 келі салмақта), Ердос Бегайдарұлы (Шетпе кенті, 26 келі) алды. Күміс жүлдеге Мейрамбек Алдаберген ( «Жастар» спорт мектебі, 50 келі салмақта) және Мағжан Аяпберген («Жастар» спорт мектебі, 23 келі) ие болды. Қола жүлде Ержігіт Тәжімұратқа ( «Жастар» спорт мектебі (32 келі салмақта) бұйырды.

Маңғыстау құрамасы жалпы командалық есепте 3-ші орынға тұрақтады.
null null