Маңғыстаулық мектеп оқушылары республикалық олимпиадада гран-при иегері атанды

АҚТАУ. ҚазАқпарат - Ақтауда қоғамдық-гуманитарлық пән бойынша республикалық олимпиаданың қорытындысы шықты, оған барлық өңірлерден, Астана мен Алматы қалаларынан 586 оқушы қатысты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Маңғыстаулық мектеп оқушылары республикалық олимпиадада гран-при иегері атанды

Барлығы 252 оқушы жүлделі орындарды иеленді. 44 оқушы І дәрежелі диплом мен алтын медаль  иеленді. 78 оқушы ІІ дәрежелі дипломмен күміс медаль, 130 оқушы ІІІ дәрежелі диплом мен қола медаль алды.

 

 «Бұл  елеулі сынаққа қатысудың өзі біз үшін мәртебе, өңірімізді, мектебімізді көрсететуде әрқайсымыз үшін үлкен жауапкершілік. Сендердің білімдерің, дарындарың келешекте Қазақстанның гүлденуіне үлес қосады», - деп атап  өтті облыс әкімі Ералы Тоғжанов.

Олимпиада барысында қатысушылар қазақ мектептерінде қазақ тілі, орыс тілі, әдебиет пәндері, орыс мектептері оқушыларына қазақ тілі, француз, неміс, ағылшын тілдері, Қазақстан тарихы, құқықтану негіздері пәндері бойынша сайысқа түсті.

 

Олимпиада қорытындысы бойынша Маңғыстау облысының командасы «Үздік олимпиадалық команда - 2017 атағы мен Гран-при иегері атанды.

Барлық жүлдегерлер медальмен қоса, бағалы сыйлықтар алды.