Маңғыстаулық өнерпаз халықаралық байқауда ІІ орынды жеңіп алды

АҚТАУ.ҚазАқпарат - Мұрат Өскінбаев атындағы Маңғыстау облыстық филармониясының әншісі Серіжан Масжанов халықаралық байқауда ІІ орын алды. Байқау 9-10 қазан күні Орал қаласында өтті. Бұл туралы Маңғыстау облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Маңғыстаулық өнерпаз халықаралық байқауда ІІ орынды жеңіп алды

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері, әнші-композитор Донеділ Қажымовтың әндерін орындаушылардың III халықаралық «Ақ Жайық - ару мекенім» атты ән байқауы өтті.

«Халықаралық сайысқа Маңғыстау, Қарағанды Қостанай облысынан, Астана, Шымкент, Атырау қаласынан, Батыс Қазақстан облысының аудандары мен жергілікті Орал қаласынан барлығы 21 дарын қатысты. Байқаудың қазылар алқасының шешімімен Мұрат Өскінбаев атындағы Маңғыстау облыстық филармониясының әртісі Серіжан Масжанов ІІ орын иеленді» делінген баспасөз мәліметінде.