Маңғыстаулық өнерпаздар халықаралық байқауда топ жарды

АҚТАУ. ҚазАқпарат – Маңғыстаулық өнерпаздар ХХV халықаралық «Boztorgai» байқауынан жүлделі оралды. Бұл туралы Маңғыстау облыстық Мәдениет басқармасының баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
Фото: Өңірлік коммуникация орталығы

Байқауда Адила Кимолдаш 1-орын, «Аяла» тобындағы Адриана Керимова мен Назерке Қабыл 2-орын, Бекболат Жұмабай және Амира Байдовлет 3-орын иеленді. Ал Аманжол Сымбат пен Лиза Колмыченко дипломант атанды.

Өнерпаздарды байқауға ұстаздары Ақмарал Арғынқызы, Лаура Жұмахан, Карашаш Избаева, Александра Ким дайындаған.

«Облыстық Мәдениет басқармасының басшысы Әбілқайыр Байпақов байқауда жеңіске жеткен үлгілі ұжым «Радуга» балалар шығармашылық орталығының өнерпаздарын марапаттады. Ел абыройын асқақтатуға қосқан үлесі үшін алғысын білдірді», – делінген баспасөз мәліметінде.

«Радуга» балалар шығармашылық орталығының басшысы Ольга Хныкина халықаралық байқау туралы айтып, шәкірттерінің жетістіктерімен бөлісті.

Халықаралық байқау 1-5 маусым аралығында Алматы қаласында өтті.


Соңғы жаңалықтар