Маңғыстаулық Расул Хатаев ММА-дан әлем чемпионы атанды

АҚТАУ. ҚазАқпарат - Маңғыстаулық Расул Хатаев ММА-дан Әлем чемпионы атанды. Бұл туралы Маңғыстау өңірлік коммуникация орталығынан мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Маңғыстаулық Расул Хатаев ММА-дан әлем чемпионы атанды

Сербия астанасы Белградта ММА-дан ересектер арасындағы Әлем чемпионаты өтті. Жарысқа әлемнің 62 елінен 550 аса спортшы қатысты.

«Әлемдік додада аса ауыр салмақ дәрежесінде маңғыстаулық Расул Хатаев жеңімпаз атанды»,- делінген мәліметте.

Жерлестері чемпионды Ақтау халықаралық әуежайынан күтіп алды.

Айта кетейік, жуырда ғана жаңаөзендік көркем гимнасшылар Әзербайжанның астанасы Баку қаласында өткен Victory cup халықаралық жарысынан жүлдемен оралған еді.

Сурет: lada.kz сайтынан салынды