Маңғыстаулық суретші Айтбай Құлбайдың жеке көрмесі ашылды
Ы. Қаңтардың 15-і. ҚазАқпарат /Нәзира Елеухан/ - Алматыда Ә. Қастеев атындағы өнер мұражайында маңғыстаулық суретші Айтбай Құлбайдың «Маңғыстау бояуы» атты тұңғыш жеке көрмесінің ашылу рәсімі болып өтті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Көрмеге суретшінің 70-тен астам графикалық және кескіндемелік туындылары қойылған.
«Айтбай Құлбай - белсенді өмірлік позициясы бар суретші-экстраверт. Оның жігерлі өнері Қазақстан бейнелеу өнерінің үздік үрдістерінің лайықты жалғасы іспеттес. Ұлттық дәстүрлерге деген ыстық ықылас, заманауилыққа деген үлкен қызығушылық суретшінің шығармашылық ізденістерінде көрініс тапқан. Суретшінің түс пен ырғақты тамаша сезінуі, оның үнемі әлемдік кескіндемелік мәдениетке назар аударуы, жеке басына ғана емес, қоғамдық қызығушылықты оятатын туындыларды дүниеге әкелуіне мүмкіндік береді», деді өнертанушы Елизавета Ким.
Көрме иесі Айтбай Құлбайдың айтуынша, Ә. Қастеев атындағы өнер мұражайында алғаш рет жеке көрмемді ашуым, мен үшін үлкен қуаныш. «Көрме ашуды баяғыдан ойлаған едім, бірақ іштей дайын болмадым. Осы уақытқа дейін 1000-нан аса суреттер салдым. Бүгін Алматыға 70-тей туындыларымды ғана алып келдім», деді суретші Айтбай Құлбай.
Көрме ақпан айының 8-не дейін жалғасады.