Маңғыстаулық тұрғыннан Қызыл кітапқа енген құс тәркіленді

АҚТАУ. ҚазАқпарат - Маңғыстау облысы Түпқараған ауданының тұрғынынан мемлекет қорғауындағы сирек кездесетін құс тәркіленді, деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісі.

Маңғыстаулық тұрғыннан Қызыл кітапқа енген құс тәркіленді

«Оның Қызыл кітапқа енген бүркітке ұқсас жыртқыш екендігі анықталды. Аталған дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 339-бабы (өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу) бойынша тіркелді», - деді Маңғыстау облыстық Полиция департаментінен.

Тергеу амалдары басталған.

Маңғыстау облысы Полиция департаменті тұрғындарды табиғатты қорғау заңнамасын бұзбауға шақырады.