Маңғыстаулық волонтерлер «Халық алғысы» медалімен марапатталды

АҚТАУ. ҚазАқпарат - Маңғыстаулық еріктілер Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен өткен Волонтер жылының жабылу рәсіміне онлайн қатысты.

Маңғыстаулық волонтерлер «Халық алғысы» медалімен марапатталды

Маңғыстаулық Садуақасов Айсағали «Жыл волонтері» халықаралық сыйлығының «Тарихи-мәдени мұраларды сақтауға және дамытуға қосқан үлесі үшін» номинациясы бойынша марапатталды, оған өңір басшысы арнайы сыйлықты табыстады.

Нұр-Сұлтан қаласында бастау алған шара «Маңғыстау волонтерлері, birgemiz!» атты салтанатты шараға ұласты.

Өңір басшысы С.Трұмовтың қатысуымен өткен жиында маңғыстаулық волонтерлердің қызметі мен жетістіктері баяндалды.

Өңірдегі волонтерлық топтар мен қайырымдылық ұйымдар облыс тұрғындарына коронавирустан қорғану, төтенше жағдай режиміндегі қауіпсіздік шараларын сақтау, каратинде қиын жағдайға тап болған әлеуметтік жағынан осал топтағы азаматтарға қолдау көрсету бағытында ауқымды жұмыс атқарды.

Білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау, жануарларды қорғау, экология, төтенше жағдай, құқық қорғау саласындағы волонтерлікті дамытуға үлес қосқан волонтерлер «Халық алғысы» медалімен марапатталды.

Жиын барысында өңірдегі волонтерлік қызметтің дамуына үлес қосып, игі істе азаматардың басын біріктірген волонтерлік топтар мен қайырымдылық ұйымдары арнайы марапатқа ие болды.

Сондай-ақ, қауіпті індетпен күресте алдыңғы шепте көрінген волонтерлер «Volunteer Corps Awards» премиясының «Жыл белсендісі» атанды.

Өңір басшысы волонтерлерге ризашылығын жеткізіп, волонтерлік жобалар мен волонтерлерге қолдау көрсету жалғасатынын жеткізді.