Маңғыстаулық жас дзюдошылар халықаралық жарыстан жүлделі оралды

АҚТАУ. ҚазАқпарат – Маңғыстау облысы Қарақия ауданының жас балуандары Алматыда дзюдодан 2008-2009, 2010-2011 жылы туған жасөспірімдер арасында өткен Titan Judo Cup халықаралық турнирiнде жүлделі орын алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None

Кіл мықтылар бақ сынаған жарыста Құрық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің оқушылары Аружан Сарсенова II орын, Қайсар Ізтаңат II орын, Нұрасыл Баймағанбетов II орын алды.

«Осы уақытқа дейін дайындаған еңбегіміз еш кетпей, спортшыларымыз жоғары нәтиже көрсетті. Жасөспірімдер үшін бұл жарыс үлкен тәжірибе болды. Жаттығуды одан әрі үдетіп, бұдан да биік белесті бағындыруға тырысамыз», - дейді спортшылардың бапкері Марат Бекбатыров.

Үш күнге созылған жарысқа өңірлер бойынша 2300 спортшы және Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан құрама командалары да қатысты.


Соңғы жаңалықтар