23:08, 02 Сәуір 2023 | GMT +5
Маңғыстаулық журналистер әскери теңізшілердің өмірімен танысты
АҚТАУ.ҚазАқпарат - Маңғыстаулық журналистер әскери теңізшілердің бір күнімен танысты. Баспасөз туры ҚР Әскери-теңіз күштерінің құрылғанына 30 жыл толуына орай ұйымдастырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Маңғыстаудағы Бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері бір күн бойы әскери теңізшілердің қасында болды.

Олар теңіз әскерлерінің өмірімен танысты. Сондай-ақ әртектә кемелер дивизионына барып матростармен, офицерлермен кездесті. Әскер қатарындағы теңізшілердің жағдайын көрді.
Кеме командирлері қонақтарды жауынгерлік кемелермен таныстырып, жатын жерлерін, ас үйін, офицерлер мен матростардың каюталарын, машиналардың бөлмесін көрсетті. Әскери теңізшілер қонақтарға түскі ас беруді де ұмытпады.



Айта кетсек, Әскери-теңіз күштерінің құрылғанына 30 жыл толуына орай 2 сәуірде М.Өскенбаев атындағы Маңғыстау облыстық филармониясында концерт өтеді деп жоспарланған.