Маңғыстаулықтар арыстық шаруаларға алғыс айтты
Батыстық шаруалар өз кезегінде Арыс қаласы әкімдігі мен шаруаларға, белсенді азаматтарға ризашылықтарын білдірді. Тиісті шараға белсене қатысқан Арыс қаласы Қожатоғай ауылдық округіне қарасты Сырдария ауылының бір топ тұрғындарына алғыстарын жаудырды.
Айта кетейік, биылғы қуаңшылық маңғыстаулық шаруаларға қиын соғып тұрғаны белгілі. Қиындықты еңсеру мақсатында Түркістан облысында «БАТЫСҚА КӨМЕК» шарасы қолға алынған болатын.
Аймақ басшысының атсалысуымен «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» АҚ келісім жасалып, логистика мәселесі шешілді. Аталған шараға Арыс қаласының әкімі Г.Құрманбекованың ұйымдастыруымен арыстық шаруалар мен белсенді азаматтар көмек қолын созды.
Шөпті жинауға және артуға қаланың еріктілері, белсенді азаматтары көмек көрсеткен еді.