Маңғыстаулықтар елдің солтүстігіне неге көшіп жатыр

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Маңғыстау облысында еліміздің солтүстік өңірлеріне қоныс аударушылар үшін 156 квота бөлінді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Өңірде өткен жылы басталған «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы»  аясында  70-тен астам адам  өзге өңірлерге қоныс аударған.

Биыл солтүстік өңірлердегі 27 жұмыс беруші білім беру, денсаулық сақтау, мемлекеттік басқару, ауылшаруашылық және құрылыс салалары бойынша 2430 бос жұмыс орнын ұсынып отыр.

Ақтауда осы мәселеге қатысты жәрмеңкені облыс әкімінің орынбасары Шолпан Ілмұханбетова ашып берді. Ол халықты еңбек күші жетіспейтін республикамыздың солтүстік өңірлеріне халықты қоныстандыру өте маңызды қадам екенін атап өтті.

null  

«2017 жылы Маңғыстаудан еліміздің солтүстігіне 21 отбасы, яғни 77 адам қоныс аударған. Бұл тұрғындар әзір жұмыспен және тұрғын үймен толықтай қамтылған», - дейді облыс әкімінің орынбасары. 

null 

Мұнайлы елдің тұрғындарының көпшілігі Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Павлодар және Шығыс Қазақстанға көшкен. Бұл жобаның басты мақсаты - еңбек күші аз аймақтың сұранысын қанағаттандыру. Ал, маңғыстаулықтар болса тұрақты жұмыс және тұрғын үйге қолжеткізуді қалайды. Аталған өңірдің түрлі мекемелері аймаққа келіп, бос орындар жәрмеңкесін өткізді. Оған 100-ге жуық тұрғындар келді. 

null 

«Павлодар облысы Успен ауданынан келген мамандар білім саласы бойынша 18, денсаулық бойынша 15 жұмыс орнын ұсынды. Бұған дейін ауданға Мұнайлыдан 2 отбасы қоныс аударды. Оларға үй сатып алып берілді»,- дейді  Павлодар облысы Успен ауданы әкімінің орынбасары Эльмира Дүйсепова.

null 

Оның айтуына қарағанда,  ¤ауылшаруашылығы саласында кәсібін ашамын деушілерге жер беріліп, мал алуға көмек көрсетілетін болады.

Соңғы жаңалықтар
telegram