Маңғыстаулықтар «Менің туым - менің елім» акциясын қолдайды

АҚТАУ. ҚазАқпарат - Маңғыстаулықтар «Менің туым - менің елім» республикалық акциясын қолдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Маңғыстаулықтар «Менің туым - менің елім» акциясын қолдайды

Ақтау қаласының тұрғындары елімізде басталған «Менің туым - менің елім» челленджін қолдай отырып, еліміздің ұлық мерекесі — ҚР Тәуелсіздік күніне орай, көпқабатты үйлердің балконында Мемлекеттік туды ілді.

Бұл бастаманы өңірдің өзге аудандары қолдады. Түпқараған ауданының тұрғындары да шарға белсенді қатысты.


Азаматтар тұрғын үйдің терезесі мен балконына Мемлекеттік туды іліп қойды.

«Туымызды Отанымызға деген құрмет пен сүйіспеншіліктің белгісі ретінде ілдік. Барша қазақстандықты ең қасиетті мейраммен құттықтаймыз. Еліміздің көк байрағы бейбіт аспан астында желбірей берсін!», - деп тілек білдірді тұрғындар.