Манхэттенде жойқын жарылыс болды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Нью-йорктің орталық ауданы Манхэттенде жарылыс болды, деп хабарлайды ресейлік ТАСС агенттігі.
Полиция жарылыс болған жерге келді. Жарылыс болған жерге жақын үйлердің тұрғындарын эвакуациялау жүргізілуде.
Оқыс оқиға көшеде болған. Әзірге оның себептері белгісіз. Құқық қорғау органдары қала тұрғындарына қауіпті орамға бармауын сұрады. Жарылыс болған аумақ қоршауға алынып, сол жерге жедел жәрдем қызметі мен өрт сөндірушілер жіберілді.
ABC телеарнасы қалалық өрт сөндіру басқармасындағы дереккөзіне сілтеме жасай отырып 15 адамның зардап шеккенін хабарлайды. Ал жергілікті PIX11 телеарнасының мәліметіне жүгінсек, жарылыс салдарынан 26 адам болмашы ғана жарақат алған.
Әзірге зардап шеккендер туралы нақтыланған ақпарат жоқ. Әлеуметтік желіге салынған суреттерден жарылыс салдарынан сол маңдағы көліктердің терезелері қирағанын көруге болады.
Manhattan U/D PHOTOS *Major Explosion* W 23 St & 7th Ave, #EMS Transporting 14 Patients att #BREAKING #NYC @FDNY pic.twitter.com/UEG4BTtpda
— NYS Hock (@911fb) 18 сентября 2016 г.
I have not idea of what just happened . A huge explosion next to my building in #Chelsea #nyc #manhattan #explosion pic.twitter.com/p71SJDR10Q
— Danilo Gabrielli (@DaniloGabrielli) 18 сентября 2016 г.