«Мәншүк ерлігі» әні алғаш рет орындалады

АСТАНА. 23 желтоқсан. ҚазАқпарат - 24 желтоқсан, дүйсенбі күні (сағат 16-30) Астана қаласындағы Қазақ ұлттық өнер университетінің халық аспаптар оркестрінің «Мерекелік шеру» атты концерті өтеді.

«Мәншүк ерлігі» әні алғаш рет орындалады

Білім ордасының өнер иелерінің қатысуымен болатын бұл концертте халық композиторларының және қазіргі сазгерлердің әндері мен күйлері орындалады.

Айта кету керек, ең бастысы осы концертте «Мәншүк ерлігі» әні алғаш рет орындалады. Бұл Кеңес Одағының Батыры, қазақтың даңқты қызы Мәншүк Мәметованың туғанына 90 жыл толуымен тұспа-тұс келіп отыр.

Оркестрдің жетекшісі - мәдениет қайраткері, сазгер Нұрлан Бекенов.

Концерт Жеңіс даңғылы, 33-үй, Қазақ ұлттық өнер университетінің үлкен залында өтеді.