Манюрова Қазақстанға Канададағы әлем чемпионатында алғашқы медаль әперді
АСТАНА. 29 қыркүйек. ҚазАқпарат - Қазақстандық Гөзел Манюрова Канададағы күрестен әлем чемпионатында Қазақстан құрамасының қоржынына алғашқы медаль салды.
Vesti.kz сайтының хабарлауынша, Манюрова 72 келіге дейінгі салмақта күміс медальға қол жеткізді. Бірінші айналымда ол әзірбайжандық Наталья Поломерчукті 5:0, 7:0 есебімен жеңді. Бұдан кейін ширек финалда қазақстандықтың күші Алин да Силва Феррерадан (Бразилия) басым түсті - 1:0, 4:0. Финалға шығар алдында Беларустан Василиса Марзалюкті 0:2, 1:0, 1:0 есебімен ұтты.
Финалдық айқаста Манюрова Швециядан Анна Франссонға жол берді (0:1, 1:0, 1:3).
Жарыстардың бірінші күні Қазақстанның әйелдер құрамасында медаль көп болмады. Еске сала кетейік, өткен жылғы Ыстамбұлдағы әлем чемпионатында команда бір ғана қола наградаға ие болған еді.