Маори тілі жоғалудың аз-ақ алдында тұр

АСТАНА. Қыркүйектің 11-і. ҚазАқпарат - Жаңа Зеландияның байырғы тұрғындары - маори халқының тілі 2050 жылға қарай жер бетінен мүлдем жоғалып кетуі мүмкін. Жаңазеландиялық Массей университетінің ғалымдары осындай тұжырымдарын айтып отыр, дп хабарлайды ИТАР-ТАСС агенттігі.
None
None

Маори тілін зерттеу маманы Ранги Матаамуаның айтуынша, тілдің жоғалуына түземдіктердің өздері де кінәлі. «Маориліктер күнделікті тұрмыстарында ана тілдері мен ағылшын тілінің қоспа тілін жиі пайдалана бастаған», дейді доктор Матаамуа. «Маори тілі жанданып келе жатыр деген пікірлер, қате. Тілді болашақ ұрпаққа сақтау үшін, маориліктер өзара күнделік ті ана тілдерінде сөйлесулері керек»,- дейді тіл маманы.

Жергілікті телекомпаниялардың бірінің атқарушы директоры Джон Бишар мырза ғалым Ранги Матаамуаның көзқарасын бөлісіп отыр. Оның айтуынша, тілдері жоғалып кетпеу үшін, маориліктер көп күш-жігер жұмсаулары керек. «Өкінішке орай, халықаралық тәжірибе көрсетіп отырғандай, әлемде әр екі апта сайын байырғы халықтардың бір тілі жоғалады екен», дейді Бишар мырза.

1987 жылы маори тілі Жаңа Зеландияның екінші ресми тілі ретінде жарияланған болатын. Бірақ, соңғы халық санағының мәліметтері бойынша, маори халқының тек 23 пайызы ғана ана тілдерінде еркін сөйлей алады екен, ал 43 пайызы ана тілдерін мүлдем білмейді.

Соңғы жаңалықтар