Maqsut Narikbayev University-де «Al Jazeera Week» жабылу салтанаты өтті

журналистика мектебі
Фото: Maqsut Narikbayev University

АСТАНА. KAZINFORM – MNU Халықаралық журналистика мектебінде «Al Jazeera Week» - «Al Jazeera апталығы» аяқталды. Бұл іс-шараны Maqsut Narikbayev University қатысуымен ҚР Президенті Телерадиокешені мен Al Jazeera Media Network ұйымдастырған болатын.

Жабылу салтанатында MNU Провосты Сергей Пен халықаралық журналистика мектебінің студенттері құнды тәжірибе жинай алғанын атап өтті.

Мақсұт Нәрікбаев университеті
Фото: Maqsut Narikbayev University

«Al Jazeera – әлемдегі жетекші БАҚ және біз студенттеріміздің халықаралық мамандардан журналистиканың ең өзекті тақырыптары мен әдістері бойынша білім алуға бірегей мүмкіндік алғанына қуаныштымыз. Осы орайда Al Jazeera мамандарының журналистердің келесі ұрпағын тәрбиелеуге деген ұмтылысы үшін үлкен алғысымды білдіремін. Осы жемісті ынтымақтастығымыз ары қарай табысты түрде жалғасады деген ниеттеміз. Сондай-ақ студенттерге осындай мүмкіндік берген ҚР Президент Телерадиокешеніне ерекше алғысымды білдіргім келеді», - деді ол.

«Al Jazeera апталығы» қатысушыларына «Жаңалықтар репортаждары», «Деректер журналистикасы», «Мобильді журналистика», «Цифрлық сторителлинг» және «Жаңалықтар жүргізушілерінің курстары» сияқты тақырыптар бойынша 100 сағаттан астам теориялық және практикалық сабақтар өткізілді. Айта кетейік, мұндай тәжірибе алмасу алғаш рет Қазақстанда ғана емес, Орталық Азияда да жүргізілуде.

Масұт Нәрікбаев университеті
Фото: Maqsut Narikbayev University

«Al Jazeera апталығы» оқу бағдарламасын аяқтағаннан кейін студенттер әр тақырып бойынша курстық жобаларын қорғап, Al Jazeera Media Institute сертификаттарын алды.

Сондай-ақ «Al Jazeera Week» апталығы аясында Қазақстанның БАҚ өкілдері мен халықаралық журналистика мектебінің студенттері үшін «Maqsut Narikbayev Public Lecture» жобасының төрт қоғамдық дәрісі өтті.

Мақсұт Нәрікбаев университеті
Фото: Maqsut Narikbayev University-де

Естеріңізге сала кетейік, 22 сәуірде Maqsut Narikbayev University-де Президент Телерадиокешені мен Al Jazeera Media Network қолдауымен «Al-Jazeera апталығы» басталды.

Іс-шара аясында Maqsut Narikbayev University мен Al Jazeera Media Institute директоры Эман Әл-Амри арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды. Бұл меморандум академиялық тәжірибе алмасуға, бірлескен жобаларды жүзеге асыруға және университеттің халықаралық маңыздылығын арттыруға ықпал етуге бағытталған.

Соңғы жаңалықтар