Марадона 53 жасында үлкен футболға қайтып келмек

АСТАНА. ҚазАқпарат - Аты аңызға айналған футболшы Диего Марадона 53 жасында өзінің досына тиесілі футбол клубтардың бірінде ойнауға бел буып отыр, деп хабарлайды eurosport.ru.

Марадона 53 жасында үлкен футболға қайтып келмек

The Mirror басылымының хабарлағанындай, Марадона Аргентинаның 5-дивизонындағы «Депортиво Риестра» клубымен қысқа мерзімді келісімшартқа отырады. Аталған клуб оның досы - Виктор Стинфалеге тиесілі.

2013 жылы Марадона «Депортивоның» рухани жетекшісі болып жұмыс істеді. Ол клубтың танымалдылығын одан бетер күшейте түскен. Бұл жолы 1986 жылғы Әлем чемпионы клубқа футболшы ретінде келмек.

«Марадона «Риестра» клубына бес аптаға жуық ойнайды. Оның алғашқы матчы 23 наурызға белгіленген», - деп хабарлайды дереккөз.

10-шы нөмірлі Виктор Море, бұл санды атақты Марадонаға беруге дайын екендігін айтуда.