Марадона Біріккен Араб Әмірліктерінен жаңа жұмыс тапты

Марадона Біріккен Араб Әмірліктерінен жаңа жұмыс тапты

АСТАНА. 2 қыркүйек. ҚазАқпарат - Аргентиналық атақты футболшы, биылғы жылы БАӘ-нің «Ал-Васль» клубының бас жаттықтырушысы лауазымынан кеткен Диего Марадона Дубаида жаңа жұмыс тапты, деп хабарлады gulfnews.com сайты.

Марадона спорт мәселесі боынша кеңесші болды. Дубаидың спорт жөніндегі кеңесі өкілдерінің айтуынша, 51 жастағы аргентиналық жаңа жұмысында 2013 жылғы мамырға дейін «Аль-Васльмен» жасалған шарттың орнын жабады.

2011 жылы «Аль-Васльда" жаттықтырушы болған ол биылғы жаздағы қанағаттанғысыз нәтижелерге орай қызметінен кеткен еді. 2011 жылғы мамыр айынан бері ол басқарған клуб бірде-бір жеңіске қол жеткізе алмады, тіпті ұлттық біріншіліктегі позициясын да айырылып қалды.

Жұмыстан босатылғаннан кейін Марадона клубтан келісім-шартты мерзімінен бұзғаны үшін 17 миллион еуро талап етті. Ал «Ал-Васль» өтемақы ретінде үш миллион еуро төлеуге әзір екенін мәлімдеді.