Марадона бұрынғы әйелін 9 млн. долларымды ұрлады деп айыптады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Аргентиналық аты аңызға айналған футболшы Диего Марадона бұрынғы әйелі Клаудия Вильяфаньяға банктегі есеп-шотынан 9 млн. долларымды ұрлады деп айып тақты.
None
None

Бұл туралы Би-би-си жазады.

Телеэфир кезінде футболшы өзінің бұрынғы әйелін ұры деп атаған. Клаудия болса, басып алып қашып әлек. Оның айтуынша, бұл ақша рекламадан түскен және олар Марадонаға тиесілі емес. Ал футболшының екі қызы аналарын жақтап, Твиттерде пост жазған.

Өткен жылдың күзінде БАҚ Марадона өзінің маңындағыларға қаржылық  тексеріс жүргізуге тапсырыс бергенін жариялаған болатын.

Айта кетейік, Клаудия Вильяфанья мен Диего Марадона 1976 жылы, футболшы әлі әлемге танылмай тұрған кезде танысықан. Олар Буэнос-Айрестің кедей ауданында көршілес тұрған екен. 

 

 

Соңғы жаңалықтар