Марадона: Месси әлемнің үздік футболшысы деген атаққа лайық емес
АСТАНА. ҚазАқпарат - Каталондық «Барселона» мен Аргентина құрамасының шабуылшысы Лионель Месси әлем чемпионатының үздік ойыншысына берілетін «Алтын доп» сыйлығына лайықты емес. Бұл пікірді даңқты футболшы Диего Марадона білдірді, деп хабарлады шетелдік БАҚ.
«Ол бұл атаққа лайықты емес. Мұны әділ шешім деп айтуға болмайды. Мен оның бұл наградадан бас тартқанын көргім келеді», - деді Марадона.
Оның атап өтуінше, турнирдің үздік ойыншысы болуға әлем чемпионатының 5 ойынында 6 гол соққан колумбиялық Хамес Родригес лайықты.
Ал әлем чемпионатының 7 кездесуінде жасыл алаңда тамаша ойын өрнегін көрсеткен Месси 4 гол соққан болатын.
Айта кетейiк, Аргентина капитаны төрт мәрте әлемнiң ең үздiк футболшысы атанған еді, дегенмен әлем бiрiншiлiгiнiң үздiк ойыншысы мәртебесiне тұңғыш рет қол жеткiзiп отыр.