Марадона неге өкінеді?
АСТАНА. ҚазАқпарат - Атақты аргенитиналық футболшы өзінің теңдессіз ойыншы болуына не кедергі келтіргенін айтты. Бұл туралы шетелдік БАҚ жарыса жазуда.
Оның айтуына қарағанда,ол өзінің мансапқа жету жолында есірткі пайдаланбауы керек еді.
«Егер мен есірткі пайдаланбасам, мен теңдессіз ойыншы болар едім. Ал қазір менің жасым 53-те болса да, мен өзімді 80-дегі қарттай сезінемін. Мен дұрыс өмір сүре алмадым», - деп ол өз өкінішімен бөлісті.
Айта кетейік, спортшының есірті пайдлануы оның денсаулығына кері әсерін тигізді. Жақында ол Буэнос-Айрестегі ауруханаға жатқызылды. Марадонаның қызы бұл жай тексеріс деп айтса да, БАҚ беттерінде оның жүрегінде ақау бар деп жазылды.