Марадона Ресей құрамасын жаттықтырмақ
АСТАНА. ҚазАқпарат - Аргентина құрамасының бұрыңғы шабуылшысы Диего Марадона Ресей футбол құрамасына басшылық жасауға дайын екендігін жеткізді, деп жазады «Советский спорт» газеті.
«Мен Ресей футбол құрамасын жаттықтыруға дайынмын ба? Негізінен мен сол үшін осында келіп отырмын. Алға қойған көптеген жоспарларым бар және мені көп жұмыстар күтіп тұр», - деді 30 маусым күні Мәскеуге сапармен келген Марадона
Айта кетейік, Марадона 1976 жыл мен 1997 жылдар аралығында аргентиналық "Аргентино Хуниорс", "Бока Хуниорс" және "Ньюс Олд Бойз", испаниялық "Барселона", "Севилья", италиялық "Наполи" клубтарының намысын қорғаған. Ұлттық құрама сапында ол 91 кездесу өткізіп, 34 гол соққан.
Фото: Stefano Renna / Ropi / Zumapress / Globallookpress.com