Марадона жас сүйіктісі үшін пластикалық операция жасады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Атақты 54 жастағы аргентиналық футболшы Диего Марадона бет терісіне пластикалық ота жасатты, деп хабарлады PrimiciasYa.

Марадона жас сүйіктісі үшін пластикалық операция жасады

Дерек көзінің ақпаратынша, Марадона өзінің 24 жастағы сүйіктісі Росио Оливадан кәрі көрінбеуі үшін осындай қадамға барған.

Атап өтейік, бұрынғы ойыншы операциядан кейін алғаш рет Кубада жұрт алдына шыққан. Мұнда оның қатысуымен спорттық бағдарламаның түсірілімдері өтуде.