Марафон жеңімпазы өзінің әсерімен бөлісті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанадағы халықаралық марафонның 42 шақырымдық ең ұзақ қашықтығында ерлер арасында бірінші болып мәре сызығын кескен өзбекстандық Андрей Петров жеңістен кейінгі әсерімен бөлісті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат»ХАА тілшісі.
None
None

«Мен марафон туралы естіген күннен-ақ қызу дайындықты бастадым. Ол туралы үш ай бұрын естіген едім. Бас жүлдеге ие болғаныма өте қуаныштымын.  Осындай ауқымдағы жарысты ұйымдастырып, бізге қолдау білдірген Қазақстанға алғыс айтамын» - дейді чемпион.

Жеңімпазға алтын медаль мен 13 мың АҚШ доллары табыс етілген болатын. Әзірге чемпион алған сыйақысын қайда жұмсайтынын  білмейді.

«Мен осында жеңіске жетуге, тым болмағанда алғашқы үштікке енуді көздедім. Марафондарға қатысқаныма 7 жыл болып қалды. 2013 және 2015 жылғы Азия чемпионаттарында топ жардым. Ыстық көл марафонында жеңіске жеттім», - дейді Петров.

Сонымен бірге чемпион марафоншылардың жүріп өткен тасжолдың сапасына жоғары баға берді.

«Мен жас марафоншыларға шыдамды әрі еңбекқор болсын деп кеңес бергім келеді. Мұндағы ең басты қасиет -шыдамдылық. Өйткені 42 шақырымға екінің бірі төзе алмауы мүмкін», -дейді өзбек азаматы.

Соңғы жаңалықтар