Марафонға жүгірудің пайдасы мол - Ғариф Сатиев

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат  - Марафонға жүгірудің пайдасы мол. Бұл туралы Оралда бүгін өткен жартылай марафонға Алматыдан келіп қатысқан Ғариф Сатиев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның айтуынша, марафонға қай жастағы адамдар да жүгіре алады.

«Биыл 61 жасқа толамын. Марафонмен айналысқаныма 10 жыл болды. 42 шақырымға бір рет, 21 шақырымға екі мәрте, 10 шақырымға оншақты рет жүгірдім. 2016, 2017 және 2018 жылдары Алматы қаласында өткен үш бірдей халықаралық марафонда 45-60 жас аралығында үздік атандым. Бүгін де 10 км қашықтықта 1500 адам жарысып, өз жас ерекшелігімен қарай бірінші орынға ие болдым», деді ҚазАқпарат тілшісіне Ғариф Ғарифоллаұлы.
null 

Айта кетейік, Оралда алғаш рет ұйымдастырылған жартылай марафонға еліміз қалаларынан ғана емес, сондай-ақ ресейлік, италиялық азаматтар да қатысты. Бір айналым 5,25 шақырым болса, 10,5 және 21,1 шақырымдық жарыстар бөлек қорытындыланды. Сонымен қатар 440 метрге кішкентай балдырғандар жүгірді. Жарыстың жалпы жүлде қоры - 2,5 млн теңге.

Бір айта кететін жайт, қатысушылардан жиналған қаражат денсаулығында кінәраты бар, мұқтаж балалардың қажетіне жұмсалады.

Болашақта Оралда толық марафон өткізу ойластырылуда. 

null 

Соңғы жаңалықтар
telegram