Марафоннан Олимпиада чемпионы өзіне-өзі өлтірді
АСТАНА. 16 мамыр. ҚазАқпарат - 2008 жылғы Бейжіңдегі Олимпиада ойындарында марафоннан чемпион атанған Самуэль Ванджиру Кениядағы үйінің балконынан секіріп, опат болды,
деп хабарлайды ВВС шетелдік БАҚ-тарға сілтеме жасай отырып.
Спортшы небәрі 24 жаста еді. Оқиға нақтыланып жатыр. Желтоқсан айында Ванджируге заңсыз қару сақтау, күзет қызметкерін балағаттау және зайыбын қорқытты деген айып тағылған болатын.