Марафонның ең алдында келе жатқан спортшыны көлік қағып кетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Кеше таңертең Мәскеу даңғылында жеңіл атлетикадан халықаралық Пушкин - Санкт-Петербор марафоны кезінде қатысушылардың бірін автомобиль қағып кетті.

Марафонның ең алдында келе жатқан спортшыны көлік  қағып кетті

Зардап шеккен - Кировск қаласының тұрғыны Луиза Дмитриева.

Спортшының жаттықтырушысының журналистерге айтуына қарағанда, атлет Мәскеу даңғылындағы 131 үйдің мақына жақындап қалғанда бұларға бөлінген жолға белгісіз машина шыға келген. Оны қаққан адамның көлік жүргізу куәлігі болмаған де болмаған. Бұған қарамастан полиция босатып жіберген.

Луиза Дмитриева қалың топтың ең алдында келе жатқан. Жұртшылық оның жеңіске жететіндігіне сенімді де еді. Жол-көлік оқиғасы жарыстың соңғы, финалдық кезеңінде орын алды.