Маракеш қаласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру мәселесі талқылануда
АСТАНА. 24 қазан. ҚазАқпарат. 24 қазанда Маракеш қаласында (Марокко патшалығы) Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысының орынбасары Ю. Федотовтың төрағалығымен БҰҰ-ның сыбайлас жемқорлыққа қарсы конвенциясына мүше-мемлекеттер конференциясының төртінші сессиясының ашылуы болды,
деп хабарлайды ҚР Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес (қаржы полициясы) агенттігінің баспасөз-орталығы.
Конференцияға әлемнің 154 мемлекетінен жоғары деңгейлі өкілдер қатысуда. Қазақстандық делегацияны Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес (қаржы полициясы) агенттігінің Төрағасы Қ. Қожамжаров басқарып барды.
Конференция сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру, қылмыскерлерді беру, активтерді қайтару және Конвенция нормаларын оған мүше-елдердің имплементациялауы бойынша шараларды дайындау сұрақтарына арналған.