Марат Бәшімов Президентте қандай өкілеттік қалатындығын айтты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Саясаттанушы Марат Бәшімов Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың билік тармақтары арасында өкілеттіктерді бөлу мәселелері жөніндегі үндеуіне қатысы пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Марат Бәшімов Президентте қандай өкілеттік қалатындығын айтты

«Біз Үкімет Парламентке есеп беруге міндетті модельге келе жатырмыз. Парламенттік басымдық Үкіметті қалыптастырады, яғни батыстық модель. Егемен Қазақстан қалыптасқан кезде суперпрезиденттік республиканың қажеттілігі туындаған күрделі кезең болды. Президенттің заңдық күші бар Жарлықтары болды. Енді Мемлекет басшысы биліктің барлық тармақтарының келісілген қызметін қамтамасыз етуді өзіне қалдырып отыр. Мұнан шығары, онда жыл сайынғы жолдау, сыртқы саясат құзыреттері және басқалары қалады. Үкіметке жаңа құрылымдар, бағдарламалар жасау және бекіту жүктеледі. Ендігі уақытта Үкімет Парламент алдында жауап береді. Бұл міндеттердің барлығы да саяси және мемлекеттік басқару жүйелерінің  тұрақтылық қорын құруға негізделген. Ел Конституциясында жазылғандай, бұл демократиялық және құқықтық мемлекетті одан ары дамытуға бағытталған», - деді Марат Бәшімов.

Айта кетейік, кеше ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев отандық телеарналар арқылы билік тармақтары арасында өкілеттіктерді бөлу мәселелері жөніндегі үндеуін жария етті. Онда Президенттің  әлеуметтік-экономикалық процестерді реттеудегі біршама өкілеттерін Үкіметке және басқа да атқарушы органдарға беру, Үкіметті жасақтауда Парламенттің рөлін күшейту қарастырылған.