Марат Бәшімов: Реформаның басты міндеті – азаматтардың конституциялық құқығын шынайы қорғауды қамтамасыз ету

АСТАНА. KAZINFORM — Реформаның басты міндеті – азаматтардың конституциялық құқығы шынайы қорғауды қамтамасыз ету. Бұл туралы Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның бірінші отырысында Мәжіліс депутаты Марат Бәшімов айтты.

отырыс
Фото: Конституциялық сот

Оның айтуынша, қазіргі әлемдік тәртіп барған сайын тұрақсыз әрі болжап болмайтын сипат алып барады. Ал халықаралық құқық нормаларының әлсіреуі мемлекеттің берік ішкі іргетасының маңызын айқындай түседі. Осыған байланысты конституциялық тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған шаралар айрықша мәнге ие болуда.

Марат Бәшімовтің пайымынша, негізгі ұсыныстардың бірі — бір палаталы Парламентке көшу. Ол бұл қадам жоғары өкілді органның жұмыс тиімділігін арттыратынын атап өтті. Сайлауларды пропорционалды жүйе бойынша өткізу жоспарланып отыр. Бұл ретте партияларды шетелдік құрылымдар мен шетелдік қатысуы бар компаниялардың қаржыландыруына тыйым салынатын болады.

— 2026 жылғы конституциялық реформа адамға бағдарланған саясат бағытын жалғастырады, мұнда мемлекеттік саясаттың өзегінде нақты адам, оның құқықтары, бостандықтары мен қадір-қасиеті тұрады. Құқықтар мен бостандықтар адамға туған сәтінен тиесілі және мемлекет тарапынан сыйға берілмейді. Реформаның басты міндеті — азаматтардың конституциялық құқықтарын нақты қорғауды қамтамасыз ету және мемлекеттік басқару сапасын арттыру, — деп атап өтті Марат Бәшімов.

Бұған дейін вице-президентке қойылатын талаптардың үлгісі жарияланғанын жазған едік.

 

Соңғы жаңалықтар
Референдум