Марат Байқамуров Абу-Дабидегі Grand Slam турнирінің қола жүлдегері атанды

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстан құрамасының дзюдошысы Абу-Дабиде (БАӘ) өтіп жатқан Grand Slam турнирінде жеңіс тұғырынан көрінді.

Марат Байқамуров
Фото: ҚР ҰОК

Отандасымыз 100 келіге дейінгі салмақта қола жүлде үшін өткен белдесуде Адам Сангариевпен (Ресей) кездесті.

Нәтижесінде Марат Байқамуров қарсыласынан басым түсіп, қола медальға ие болды.

Айта кетейік, бұған дейін Талғат Орынбасар (60 келіге дейін) үшінші орын алған еді.

Нұрқожа Қайпанов Астанада өтіп жатқан күрестен әлем чемпионатының жартылай финалында жеңіске жетті.

Дакар-2026 жасөспірімдер Олимпиадасында Қазақстан туын кімдер ұстап шығатыны белгілі болды.