Марат Бисенғалиев Astana Pro Team шақыруымен«Тур де Франста» болды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Саусағынан бал тамған белгілі қазақстандық скрипкашы Марат Бисенғалиев Astana Pro Team және оның бас менеджері Александр Винокуровтың шақыруымен «Тур де Франста» болды, деп хабарланды команда сайтында.

«Астана» командасымен бірге «Тур де Франс» кезеңінде болғаныма қуаныштымын. Жуырда Каннда ойнағанмын. Онда олимпиада чемпионы Александр Винокуровты жолықтырып, ол мені «Тур де Франс» жарысына шақырды. Бұл менің арманым болатын. Оның орындалғанына ризамын» - деді Марат Бисенғалиев.

«Астана» командасы Мараттың өнеріне тәнті және біз мұндай қонаққа разымыз!» - деп атап өтті Александр Винокуров.

Соңғы жаңалықтар
telegram