Марат Бисенғалиев Нью-Порттағы фестивальде қазақ музыкасын орындауда

-ПОРТ.  Шілденің  24-і. ҚазАқпарат /Әлия Алтынғазина/ -    Американың  Нью-Порт қаласында (Род-Айленд  штаты)   АҚШ-тағы  ғана  емес,   бүкіл әлемдегі ең   танымал  музыкалық  фестиваль өтіп  жатыр, 

Марат Бисенғалиев   Нью-Порттағы фестивальде  қазақ музыкасын орындауда

онда   қазақстандық      скрипкашы    Марат Бисенғалиев өнер  көрсетуде.

Фестиваль өзінің 41-ші маусымын  атақты    американдық және    шетелдік  музыканттардың  орындауындағы 60 концертпен  атап өтуде.   Марат  Бисенғалиевтің   концерттері   фестиваль  бағдарламасында  «Халықаралық супержұлдыздың       оралуы» деген    тақырыппен таныстырылды.   Қазақстандық музыкант Нью-Портта   Сезар  Франк,  Ричард  Штрауч,  Карл  Дженкинс сияқты   атақты композиторлардың туындыларымен   қатар,      қазақ композиторы Мұқан  Төлебаевтың     «Поэмасын»  да  орындауда.

Дүйсенбі күні   Марат Бисенғалиев пен  пианист  Даниэль дель Пиноның     тамаша концерті  өтті. Көрермендер  музыканттардың    шебер ойындарына  орындарынан тұрып,  қошемет көрсетті.