Марат Қарабаев елімізге келетін бесінші әуе компаниясы туралы айтты

Елімізде әуе қатынасын жаңа компаниямен толықтыру жағы қарастырылып жатыр, деп хабарлайды Kazinform.

ұшақ
Фото: ҚазАқпарат

«Жалпы Qazaq Air компаниясын сатамыз деген ой бар. Біз бірнеше компанияға ұсындық. Оның ішінде соңғы рет барғанда Въетнамда «Sovico» деген әуе компаниясы бар. Аталған әуе компаниясымен жұмыс істеп жатырмыз. Олар біздің ішкі нарықты зерттеп жатыр. «Виджет» деген компания бар. Ол елімізде ұшып жүр. Ол – лоукостер. Олардың ұшақтары өте көп. Соны да тартамыз деген ой бар. Бірақ мәселе қазір шешіледі деген сөз емес. Оны алдын ала айтуға ерте», - деді Көлік министрі Марат Қарабаев Мәжіліс отырысынан кейін БАҚ өкілдерінің сауалына жауап бере тұрып.

Бұған дейін Мәжіліс отырысында депутат Айдос Сарым лоукостер билеттерінің бағасы жылдан-жылға өсіп жатқанын айтып, мәселені шешу керектігін ұсынған еді.