Марат Қарабаев LRT бағанының құлап қалуына қатысты пікір білдірді

ЛРТ
Фото: Мұхтар Холдорбеков/"ҚазАқпарат" ХАА

Көлік министрі Марат Қарабаев LRT бағаны құлап қалғаннан кейін қауіпсіздік мәселесіне қатысты түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біріншіден, бағанның қисаю себебін анықтау қажет. Мүмкін ол баған соңына салынбаған шығар. Толық тұрғызбай сол күйі қалдырып қойған шығар. Екіншіден қауіпсіздікпен қамтамасыз ету үшін бірнеше тексеруден (экспертиза) өтеді. Қауіпсіздікке келгенде тек қазақстандық емес шетелдік компанияларда кепілдік береді. Ол компания тек Қазақстанға салып жатқан қой. Әрине, басты мақсат – қауіпсіздік. Бұл біздің назарымызда болады. Бұл сапасыз салынады деген мәселе емес. LRT желісін салу біраз тұрып қалды, яғни толық аяқталмаған, үсті жабыламаған деген сияқты», - деді Марат Қарабаев министрлікте өткен баспасөз мәслихатында.

Еске сала кетсек, бұған дейін Астанада LRT бағандарының бірі қисайып кеткені туралы хабарлаған едік.

«Жан-жақты зерттеу барысында 1 тіректің жобаға сай келмейтіндігі анықталды. Осы себепті мердігер аталған тіректі бұзып жатыр. Одан кейін қайтадан салады. Шығын бас мердігер есебінен өтелетін болады», – деген түсінік берді City Transportation Systems (CTS) компаниясы баспасөз қызметінің жетекшісі Оксана Лоскутова.

Соңғы жаңалықтар