Марат Оспановты еске алу құрметіне футбол турнирі өткізіледі

ТАНА. 12 қазан. ҚазАқпарат - Қазанның 12-сі күні астаналық «Алатау» спорт кешенінде шағын футболдан жарыс басталады, деп хабарлайды Мәжілістің Баспасөз қызметі.

Марат Оспановты еске алу құрметіне футбол турнирі өткізіледі

Үшінші рет өткізіліп тұрған бұл футбол турнирі ҚР Парламенті Мәжілісінің бірінші шақырылымының төрағасы, мемлекет және қоғам қайраткері, ғалым-экономист Марат Тұрдыбекұлы Оспановты еске алуға арналған.

Осы дәстүрлі доп додасына Парламент, «Нұр-Отан» партиясы, Сыртқы істер министрлігі және «Хабар» агенттігі, Оспановтар отбасы, Ресей Федерациясы мен Сауд Арабиясының елшіліктері, сондай-ақ Араб елдері елшіліктерінің біріккен командалары қатысуға ұсыныс білдіріп отыр.

Жарыс жеңімпаздары 14 қазан күні анықталады.