Марат Оспановтың 60 жылдығына орай Астанада бірқатар іс-шаралар өткізіледі

АСТАНА. Қыркүйектің 17-сі. ҚазАқпарат. ҚР Парламенті Мәжілісінің тұңғыш төрағасы, қоғам қайраткері Марат Тұрдыбекұлы Оспановтың 60 жылдығына орай Астанада бірқатар іс-шаралар өткізіледі,

Марат Оспановтың 60 жылдығына орай Астанада бірқатар іс-шаралар өткізіледі

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазанның 2-сі күні (сағат 15.00-де) Мәжілісте «Марат Оспанов және Қазақстан парламентаризмінің қалыптасуы» атты ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді. Сол күні (сағат 12.00-де) Марат Тұрдыбекұлы Оспанов туралы жарық көрген жаңа кітаптардың таныстырылымы өтеді.

Ал қыркүйектің 23-24-і күндері  (сағат 19.00-де) Астанадағы «Алатау» спорт кешенінде М.Оспановтың туғанына 60 жыл толуына орай шағын футболдан жарыс  өтеді. Футбол турниріне Парламент, Үкімет, «Нұр Отан» және Қаржы министрлігінің командалары қатысады.

Осы іс-шараларды Парламент Мәжілісі ұйымдастырып отыр.