Марат Сафин St.Petersburg Open турнирінен кейін өз мансабын аяқтайды
САНКТ-ПЕТЕРБОР. Тамыздың 26-сы. ҚазАқпарат /Елена Мягкова/ - Қазанның 25-і мен қарашаның 1-і аралығында Санкт-Петерборда өтетін XV St.Petersburg Open халықаралық теннис турнирі танымал ресейлік теннисші Марат Сафиннің мансабындағы соңғы жарыс болмақ.
Спортшы осы турнирден кейін өзінің теннисші мансабын аяқтайтынын мәлім етті.
Марат Сафин - St. Petersburg Open турнирінің екі дүркін жеңімпазы (2000, 2001 жылдардағы). Өз мансабында ол барлығы 15 турнирде жеңіп шыққан, бірақ ең соңғы жеңісі 2005 жылы Австралия ашық чемпионатында болған.