Марат Шахметов «Астана» футбол клубы сапында ең көп ойынға қатысқан футболшы аталды

АЛМАТЫ. 12 желтоқсан. ҚазАқпарат - Марат Шахметов «Астана» футбол клубы сапында Премьер-лигада өнер көрсеткен 4 жылдың ішінде 107 матчқа қатысып, өзіндік рекорд орнатты. Жартылай қорғаушы оның 92-сін ел чемпионатында өткізді.

Марат Шахметов «Астана» футбол клубы сапында ең көп ойынға қатысқан футболшы аталды

Бұл командада 2010 жылдан бері өнер көрсетіп жүрген Михаил Рожков - 97, Қайрат Нұрдәулетов -79 ойынға қатысып үздік үштіктің қатарына енді. Ал 2010, 2012 жылдары бақ сынаған Сергей Остапенко (65 ойын) мен молдовалық легионер Игорь Бугаев (64 ойын) 4-5 орында келе жатыр. Оларды 62 ойын өткізген сербиялық легионер Ненад Эрич өкшелеп келеді. Ал 60 ойынмен Роман Пахолюк, 59 ойынмен Максим Азовский, 58 ойынмен Таңат Нөсербаев, 53 ойынмен Дамир Даутов алғашқы ондықты түйіндеуде.