Маргарет Тэтчер ауруханаға түсті
АСТАНА. Қазанның 20-сы. ҚазАқпарат - Ұлыбританияның бұрынғы премьер-министрі Маргарет Тэтчер ауруханаға түсті, деп хабарлайды Associated Press агенттігі.
Экс-премьер Тэтчер осыдан бірнеше күн бұрын тұмаумен сырқаттануына байланысты медициналық тексерістен өтуі үшін ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды оның баспасөз қызметі. Ұлыбритания министрлер кабинетінің қазіргі басшысы Дэвид Кэмерон М.Тэтчерге "тезірек сауығып кетіңіз" деген тілек тіледі.