Марин Ле Пеннің жақтастары Мадоннаны сотқа бермек

АСТАНА. 17 шілде. ҚазАқпарат - Француздың әсіре оңшыл "Ұлттық майдан" партиясы америкалық танымал әнші Мадоннаны сотқа бермек, деп хабарлайды Азаттық.

Марин Ле Пеннің жақтастары Мадоннаны сотқа бермек

Партияның Мадоннаны сотқа беруіне әншінің өткен сенбі күні Париждегі концертінде көрсеткен видеоролигі себеп болды. Онда маңдайында фашистік свастика белгісі бар партия жетекшісі Марин Ле Пеннің бейнесі түсірілген.

Мадонна ол видеоролигін бұған дейін бірнеше елде өткізген концерттерінде көрсеткен еді. Әншінің бұл әрекетіне наразы болған Марин Ле Пен егер ол Париждегі концертінде де видеороликті көрсетсе, сотқа беретінін айтқан.

Марин Ле Пен "Ұлттық майдан" партиясының нәсілшіл, я антисемиттік ұйым емес екенін бұған дейін талай айтты.