09:48, 09 Желтоқсан 2012 | GMT +5
Марина Вольнова - Мұнайлы елдер арасындағы әлем кубогының жартылай финалында
АСТАНА. 9 желтоқсан. ҚазАқпарат - Ресейдің Белоярск қаласында бостан Мұнайлы елдер арасындағы әлем кубогы өтіп жатыр.

Бұл сынға аттанған қазақстандық спортшылар арасында Олимпиада жүлдегері Марина Вольнова бар, деп хабарлайды «Аламан» спорт агенттігі.
Марина ширек финалдық кездесуде қытайлық Джанг Ронгронгты ұтты - 7:3.
51 келідегі тағы бір боксымыз Рано Фархатова ресейлік Ульяна Кошкарованы жеңіп, жартылай финалға шықты - 13:5.
Ерлер арасында 49 келіде Азат Камзин армениялық Ховханес Даниляннан басым түсті - 16:10.
Ал 69 келідегі Мадияр Ашкеев Арам Амерхаяннан (Ресей) жеңіліп, жарысты аяқтады.