Мария Мудряк «Соғыс жылдарындағы әндер» қайырымдылық концертінде өнер көрсетеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мария Мудряк Жеңістің 70 жылдығына арналған «Соғыс жылдарындағы әндер» қайырымдылық концертінде өнер көрсетеді. Бұл туралы Мария Фейсбукте жазды.

Мария Мудряк «Соғыс жылдарындағы әндер» қайырымдылық концертінде өнер көрсетеді

«Құрметті достар, сіздерді қуантамын деп ойлаймын!!! Қазіргі уақытта Астана және Алматы қалаларының әкімдіктерінде Жеңістің 70 жылдығына арналған хор және оркестрмен «Соғыс жылдарындағы әндер» атты менің жеке қайырымдылық концертімді өткізу мәселесі қаралуда. Билеттер тегін болады. Алматыдан келісім туралы хабар келді. Сіздермен кездесетін күнді тағатсыздана күтемін!!!

Менің екі атам да - Мудряк Николай Терентьевич пен Маркевич Генрих Георгиевич те соғыстың қиын-қыстау күндерін кешіп өткен ардагерлер», - деп жазды М.Мудряк өз парақшасында.