Мария Мудряк тұңғыш рет «Астана Опера» сахнасында өнер көрсетеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мария Мудряк тұңғыш рет «Астана Опера» сахнасында өнер көрсетеді. Бұл туралы опера әншісі өзінің Фейсбуктегі парақшасында хабарлады.

Мария Мудряк тұңғыш рет «Астана Опера» сахнасында өнер көрсетеді

«Армандар орындалады!!! 15 желтоқсанда алғаш рет отанымда Астана-Опера сахнасында шырқаймын!!!», - деп жазады М.Мудряк.

Небәрі 5 жасында Мария лазерлік дискісін жарыққа шығарып, әлемнің ең жас опера әншісі ретінде Гиннес рекорд кітабына енген болатын.

Он сегіз жасында Милан консерваториясын үздік аяқтаған Мария қазірде Ла Скала театры жанындағы музыка Академиясында оқуын жалғастырып жатыр.

Өнерімен әлемді мойындатқан қыз операның отаны Италияда әлемдік жұлдыздармен иық тіресіп, өнер көрсеткені өз алдына, басты рольдерді орындауға да мүмкіндік алып отыр. Мария - шетелде «Болашақ» стипендиясы арқылы оқыған дарынды жастардың бірі. Джузеппе Верди атындағы Милан мемлекеттік консерваториясын тәмамдап, Италияның ең үздік жас әншісі атағына ие болды.

Қазірде ол «Фигароның үйлену тойы», «Богема», «Ромео мен Джульетта» сынды операларда басты рөлдерді сомдап келеді.