15:31, 29 Қараша 2015 | GMT +5
Мария Шарапова қарсыластарын шошытып жүр
АСТАНА. ҚазАқпарат - Әлемнің үшінші ракеткасы, испаниялық теннисші Гарбинье Мугуруса ресейлік Мария Шарапованың ойын барысындағы айқайы корттағы қарсыластарын қорқытуға арналған құрал ретінде әрекет ететінін айтты, деп хабарлады Lenta.Ru International Business Times-ке сілтеме жасап.

"Кейде Шарапованың қатты айқайлағаны соншалық, тіпті доп қатты ұшып келе жатқандай көрінеді. Ол мұны көп жағдайда қарсыластарын қорқыту үшін пайдаланады", - деді испаниялық теннисші.
Мугуруса ресейліктің айқайы оның назарын бөлетінін айтты. "Мен де кейде айқайлаймын, алайда Мария сияқты қатты емес", - деп атап өтті ол. Шарапова испаниялықпен кездесудің үшеуінде де жеңіске жеткені аталып өтілді. 22 жастағы Мугуруса 2015 жылдың маусымын Әйелдер теннис қауымдастығының (WTA) рейтингінде үшінші орында. Шарапова төртінші орынға түсті.