Мария Шарапова: Зарина Дияс кез келген қарсыласын сүріндіруге қауқарлы

АСТАНА. ҚазАқпарат - Әлемнің екінші ракеткасы, Ресей теннисшісі Мария Шарапова Australian Open-нің үшінші айналымында отандасымыз Зарина Дияспен болған ойынға қатысты өз пікірін білдіріп, спортшыға баға берді. Бұл туралы sports.kz. сайты жазды.

Мария Шарапова: Зарина Дияс кез келген қарсыласын сүріндіруге қауқарлы

«Кеше тамаша жаттықтым, сондықтан бүгінгі айқастың алдында өзімді жақсы сезіндім. Кездесудің басында ойынға зейін салдым, бұл маған жеңіске жетуге көмектесті», - деп атап өтті Мария.

«Диястың кез келген қарсыласына қиындық тудырта алатынын білдім. Бірақ, бүгін бұл оның қолынан келмеді. Оған уақыт берілсе, тамаша жетістіктерге қол жеткізе алады», - деді Мария Шарапова.